Тараз
Қазақ хандығының 550 жылдық тойына әзірлік жүріп жатыр. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық және аумақтық филиалдарының барлық қызметкерлері той қорына бір күндік жалақыларын аударды.
Қордай
Аудандық Мәдениет үйінде «Соседушки» халықтық ансамблінің құрылғанына 15 жыл толуы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік кешке облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысова, өңірдегі өзге ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері қатысып, құттықтады. Ансамбль ардагерлеріне облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың атынан бағалы сыйлықтар мен марапаттаулар тапсырылды.
Талас
Қаратау табиғатының әсем мүйісіне орналасқан «Жұрындысай» лагері қазір шат-шадыман қуанышқа бөленген. Мұнда көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан келген 100 оқушы демалуда. Оқушылардың әр күні қызықты өтуде. Көршілес «Тау самалы» лагерінен келген оқушылармен спорттық бәсекеге түсіп, денсаулықтарын шыңдауда.
Сарысу
Қазақ хандығының 550 жылдығын насихаттау мақсатында аудандық орталықтандырылған кітапханада жиын болып өтті. Басқосуда педагогика ғылымдарының магистрі Сауран Қалиев көпшіліктің алдында «Қазақ хандығының тарихы» туралы мазмұнды баяндама жасады. Жиынға қатысушылар мемлекетіміздің қалыптасуы туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Мойынқұм
Шалғайдағы Мойынқұм ауылынан Алматыға арнайы маршрут ашылды. Күн сайын таңғы сағат 8.00-де Мойынқұм ауылынан автобус жолға шығады. Жолкіренің құны – 1800 теңге. Осы автобус маршрутына орай өткен тендер жеңімпазы «Транзит Сервис» ЖШС аудан тұрғындарының сұранысын қанағаттандырмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




