Әй, Балғынбек-ай!

Әй, Балғынбек-ай!
ашық дереккөз
Әй, Балғынбек-ай!

«Кәстөм-шалбар тұрады түкірігім...» Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев бір тойда  арнау айтып тұрса, қасына бейтаныс ақ жаулықты  апа кішкентай немересімен келіп: «Балғынбек, балам! Мынау немеремнің аузына түкіріп берші. Кәстөм-шалбар берейін саған» дейді. Балғынбек не де болса арнауды аяқтайын деп, өлеңін жалғастыра береді.  Сөйтсе, әлгі апа  «Кәстөм-шалбар беремін» деп қоймай  қояды. Сол сәтте Балғынбек арнауын аяқтап, әлгі  кішкентай баланың аузына түкіріп, кәстөм-шалбар киеді. Сыйлығын алып тұрып: Шарласа кең даланы бүкіл үнім, Жақсылардың жалғасқан түтінімін. Алмас қылыш  секілді жырларым бар, Себебі, Қабан жырау тұқымымын. Ағайын мені осал демеңіздер, Кәстөм-шалбар тұрады түкірігім, – деген екен. Сізді көрмей қалдым... Сол Бәкеңнің  көлікті жаңадан жүргізіп жүрген  кезі болса керек. Астана мен Көкшетаудың арасындағы тақтайдай тегіс жолда жылдамдықты жүзге жеткізіп,  зулатып  келе жатады.  Жолдағы  «60» деген белгіні байқағанмен, жылдамдығын азайтпайды. Сөйтсе, сәл әріректе жол полициясы тосып тұр екен. Олар ала таяғын көтеріп, Балғынбекті тоқтатады. Бәкең  тоқтайды. Бұлар  барып сөйлескеннен-ақ бұл жігіттің айтыстағы кәдімгі Балғынбек Имашев екенін танып қояды. Сонда да оңайлықпен жібергілері келмей: – О, ағасы, барша елге белгілі азаматсыз. Айтысқанда қарсыластың небір  осал тұсын байқайсыз. Енді неге үлкен жылдамдықпен жүрдіңіз? Мынау «60» деген белгіні байқамадыңыз ба? «Алпысты көрмедіңіз бе?» деп сұрапты. Сонда Бәкең: – Алпысты көрдім. Сіздерді  көрмей қалдым ғой, – деген екен. – Ой, бұл Бәкеңе дауа жоқ екен. Жүре беріңіз, – деп МАИ қызметкері Балғынбекті жөніне жібере салыпты.

Жазып алған  Есет Досалы, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар