«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«БӘЙТЕРЕКтің» біздің өҢІРгЕ берері мол

«БӘЙТЕРЕКтің» біздің өҢІРгЕ берері мол
ашық дереккөз
«БӘЙТЕРЕКтің» біздің өҢІРгЕ берері мол

Облыстық әкімдік пен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қою жиыны өтті. Шараны облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке ашып, бүгінгі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерліктің дамуына ерекше жағдай жасалып отырғанын атап көрсетті. – Түрлі деңгейдегі бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асуда. Осы қолдауды жүзеге асыру мақсатында республикалық деңгейде бірқатар құрылымдар құрылды, – деді облыс әкімінің орынбасары. Одан әрі ол «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кәсіпкерлікті қолдауда атқарып отырған жұмысын әңгімелеп, шараға осы ірі құрылымның басқарма мүшесі, басқарушы директоры Қаныш Төлеушиннің және мемлекеттік мекеме жетекшілерінің, «Бәйтерек» холдингінің кәсіпкерлікпен айналысатын құрылымдарының басшылары қатысып отырғанын жеткізді. Облыс әкімдігі мен «Бәйтерек» холдингі арасында меморандумға қол қоюдың мақсаты – шағын және орта бизнес саласына қолдау көрсету екенін еске салды. Одан кейін «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Қ.Төлеушин сөз алып, жиынға қатысып отырған қаржы құрылымдарының басшыларын жеке-жеке таныстырды. Жамбыл облысының әлеуетін көп зерттегенін, өңірдің кәсіпкерлікті өркендетуде мүмкіндігі мол екендігін айтты. Бұған дейін Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында болып, осындай шара өткізгендіктерін жеткізді. Ол сондай-ақ, «Бәйтерек» холдингінің атқарып отырған жұмысын жан-жақты әңгімелеп, Жамбыл облысында үш жобаны жүзеге асырғандарына тоқталып өтті. Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанкемен бірге жұмыс жасаудың жай-күйін әбден пысықтап, пікірлескендерін де еске салды. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» жарнаманы қажет етпейді. Грант алғысы келгендер 200-400, тіпті 800 миллион теңгеге дейін алуға болатын көрінеді. Қ.Төлеушиннің тағы бір еске салғаны – халыққа қызмет көрсету орталықтарында кәсіпкерлерге жағдай жасау. Бұл мәселе Ақтау және Шымкент қалаларында шешілген. Кәсіпкер «бір терезеден» барлық мәселесін бірден шешеді екен. Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Алмас Мәдиев осы мәселені түпкілікті шешу үшін қаладағы екі ғимарат назарға алынып отырғанын айта келе, өңірдегі кәсіпкерліктің жай-күйі, шағын және орта бизнеске қолдау-көмек жайлы әңгімеледі. Жиынға қатысқан кәсіпкерлік құрылымдарының жетекшілері субсидия және несие алу, холдинг тарапынан басқа да қаржыландырудың түрлері туралы сұрақтар қойып, Қ. Төлеушин мен басқа да қаржы құрылымдары басшыларының тарапынан нақты жауаптар алды. Облыс әкімдігі мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы арасында әріптестік туралы меморандумға Т.Жанке мен Қ.Төлеушин, облыстың бірқатар шағын және орта бизнес құрылымдары мен республикалық қаржы институттарының басшылары  келісім-шарт пен келісімдерге қол қойды.

Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Ұқсас жаңалықтар