«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ДЕМІНЕ ПІСКЕН ДЕПУТАТ

ДЕМІНЕ  ПІСКЕН  ДЕПУТАТ
ашық дереккөз
ДЕМІНЕ ПІСКЕН ДЕПУТАТ

миына сенді ме, миллиардына сенді ме?

«Бопсалады және өлтіремін» деп қорқытты деп айыпталған ақтөбелік депутат Мейіржан Өндіргенов үйі мен кеңсесіне миллиард теңгеге жуық ақша сақтап келіпті. Ақтөбе қаласының №2 сотының қаулысына сәйкес, депутаттың үйі мен жұмыс орнынан 82 мың теңге, 1 800 000 АҚШ доллары, 2 970 000 теңге, 299 500 еуро, 1 645 000 АҚШ доллары, 1 323 000 еуро, 3 850 000 теңге, 326 300 рубль, 220 БАӘ дирхемі, 8 гривен көлемінде қаражат табылған. Депутаттың осы қаражатына, сонымен қатар жылжымайтын мүлкіне (Ақтөбедегі пәтері, жер учаскесі және Шалқар қаласындағы қоғамдық-іскерлік мекемесі) сот тәркілеу туралы шешім шығарды. Миллиардер депутат Мейіржан Өндіргенов 30 мамырда аса ірі көлемде қаржы бопсалады және өлтіремін деп қорқытты деген күдікпен ұсталған болатын. Депутат екі айға қамауға алынды. Депутатқа тағылып отырған айыптау баптары 7 жылдан 15 жылға дейін мүлкін тәркілеу арқылы бас бостандығынан айыруды және 200 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастырады. Бұған дейін кәсіпкердің бұрынғы серіктесі Бауыржан Пірманов тілшілерге М.Өндіргеновтің қаржылық құйтырқысы жайлы айтып берген. «Құрылтайшы Өндіргеновпен келіспеушіліктер көп болды, мен 2012 жылы жұмыстан кетуге мәжбүр болдым. Келіспеушіліктер салық салу ісіне келгенде басталды. Оның үлкен жақтау­шылары болды, бірақ қазір оның басы дауға қалды. Ол менің арызым арқылы бопсалау бойынша қамауға алынды. 2012 жылы мен бәрін оның атына жазып бердім. Ол өз атына жаздыруға мәжбүр етті, көлікті алып қойды. Ол бәрін сатып ала алатынын айтты. Бұрын «Автопарк» ЖШС-ның күн сайынғы табысы 5,6 миллион теңге болған, жол жүру құны қымбаттағаннан кейін шамамен 8 миллионға өсті. Сонымен қатар, жыл сайын автопарк бюджеттен 800 миллион теңге алып тұрады. Салық есебінде ол тақырға отырғанын мәлімдейді, ал бұл – табысы қыруар ЖШС. Ол екі жақта бухгалтерия ұстады, қаражатты компанияға аударды. Тінту жүргізілгенде оның қыруар қаржысы тәркіленді. Оны тиісті адамдар машинкамен 5 сағат санады», – деді Пірманов.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар