аурушаңдық көрсеткіштері төмендеуінен байқалып отыр
Елбасымыз «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында білім және денсаулық сақтау салаларында қолға алынған барлық бағдарламалар жалғасын табатынын айтты. Жолдаудан туындаған тапсырмалар, аурудың алдын алуға, тұрғындардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру және саламатты өмір салтын ұстануға шақыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі шығар, бүгінде облыстың денсаулық сақтау саласында оң көрсеткіш қалыптасқан. Сала мамандары аурушаңдық көрсеткіші күрт өсіп кетпеуі үшін күресіп бағуда. «Негізінен, денсаулық сақтау жүйесінің басты бағыттары – ана мен бала денсаулығын қорғау, аналар мен нәрестелер арасындағы өлімді төмендету, әлеуметтік мәні бар ауруларға қарсы іс-әрекеттерді күшейту, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және саладағы басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Осы басымдықтарға жете мән берсек, біздің әрі қарайғы жұмысымыз да ілгерілейтіні анық», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Масалимов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген брифингте. Жалпы, тұрғындардың денсаулық жағдайының жақсаруына саладағы атқарылып жатқан жұмыстардың оң әсер ететіні түсінікті. Десек те, Елбасы Н. Назарбаев айтқандай, адам өз денсаулығы үшін ең алдымен, өзі жауапты болуы тиіс. Тұрғындардың өз денсаулығына деген жауапкершілігі жайлы бекер сөз қозғаған жоқпыз. Басқарма басшысы 2014 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша облыста тұрғындар арасындағы өлім-жітімге негізінен қан айналым жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер, жазатайым оқиғалар, жарақаттану және улану, асқазан және тыныс алу ағзаларының аурулары себеп болғанын айтады. Жазатайым оқиғаның алдын алу қиын. Дегенмен, қан айналым жүйесінің аурулары үнемі күтініп жүруді, денсаулық жағдайын бақылауда ұстауды қажет етеді. Дегенмен, дәрігерлердің жанкештілігінің арқасында жүрек және қан тамырлары ауруларына шалдыққан науқастарға дер кезінде шұғыл көмек көрсетіліп, өлім көрсеткіші біршама төмендеген. Басқарма басшысы Ерлан Масалимов 2014 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығы өсіп, 69,6 жасты құрағанын айтады. Бұл – медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтудың арқасында қол жеткізіліп отырған көрсеткіш. 2014 жылы 32 нысанның құрылысына және жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржының 6973,7 миллион теңгесі игеріліп, 25-і іске қосылған. Тараз қаласында салынып жатқан қалалық аурухана мен облыстық перинаталдық орталықтың ғимараттары күз айларында пайдалануға беріледі деп күтілуде. «Осы арқылы біз басқа да емдеу мекемелерінің мәселелерін шешетін боламыз. Қалалық №1 жедел жәрдем ауруханасы жаңа ғимаратқа көшіріледі. Ал ол жерге қаладағы №1 және № 3 емханаларды орналастырсақ деп жоспарлап отырмыз. Себебі, екі мекеменің де ғимараты тар», – дейді облыстың бас дәрігері. Жалпы, өңірімізде медицина мекемелерін жарақтандыру және қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді