Сарыкемер орта мектебінде «Жыл оқушысы-2015» оқушылар байқауы ұйымдастырылып, оған аталмыш ауданнан 17 үміткер қатысты. Білім бәсекесінің өтуіне «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі, сондай-ақ Сарыкемер орта мектебі ұйытқы болды. Екі айға жуық созылған байқауда қатысушылар 4 кезең бойынша өз мықтылықтарын мойындатуға күш жұмсады. Сонымен қатар, жарыстың ережесіне сай жас ерекшеліктеріне қарай (І топ – 6-7 сынып, ІІ топ – 8-10 сынып) топтастырылған болатын. Байқау қорытындысы бойынша «Жыл оқушысы» болып Сарыкемер орта мектебінің 10-сынып оқушысы Әсем Пірімқұлова танылды. Аталмыш білім ордасының 6-сынып оқушысы Мади Жанұзақ пен Жамбыл орта мектебінің 8-сынып оқушысы Нарбек Есимов жүлделі орындардан көрінсе, ІІ орын 9-сынып оқушысы Нұризат Мұсанова (Абай орта мектебі) мен 7-сынып оқушысы Карина Янға (Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясы) бұйырды. Үздік үштікті Түймекент орта мектебінің оқушысы Бекасыл Балпанқұл (7-сынып) және Абай орта мектебінің оқушысы Аружан Тұрсынханова (9-сынып) түйіндеді.
Мұхит НӘМЕТҚҰЛОВ. Сарыкемер орта мектебінің директоры. Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




