Ұлт рухын асқақтатын ұлы мерекелердің бірі – Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы жақындаған сайын өңірімізде үлкен тойға арналған шаралар легі толастар емес. Күні бүгінге дейін тарихпен тамырлас мерейтойға арналып, жетпіске жуық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылғаны сөзімізге айқын дәлел.
Тоқтаусыз іс-шаралар легі «Қазақ хандығы мыңжылдықтар тоғысында: тарихи сабақтастық және қазіргі кезең» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен толықты. Қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың бас ғимаратында ұйымдастырылған жиынға облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Уәлихан Бишімбаев, Оразкүл Асанғазина, тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков, Пекин университеті, археология және мұражайтану институтының профессоры Лин Мэйцунь және өзгелер қатысып, құнды баяндамалар жасады. Конференция жұмысы бүгін түйінделеді. Бұл жөнінде толығырақ газетіміздің келесі санынан оқисыздар.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




