Ақпараттар ағыны

Ақпараттар ағыны
ашық дереккөз
Ақпараттар ағыны

Тараз

Тараз қаласында өзі тұрған үйге мемлекет қайраткері Сәлімгерей Тоқтамысовқа арналған мемориалдық тақта орнатылды. Оның ашылу салтанатында облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қарашолақов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеуқабыл Төребеков және ҚР Статистика комитеті төрағасы лауазымын атқарған Т.Жұмасұлтанов сөз алып, айтулы тұлға жайлы ойларын бөлісті.

Қордай

Ноғайбай ауылындағы Қордай ауыл­шаруашылығы колледжінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Үмбетов туралы «Жүректегі жазулар» және «Көз ілмейтін көңілдер» атты екі кітаптың тұсаукесері өтті. Кезінде осы оқу орнының түлегі болған бүгінде мемлекет және қоғам қайраткері Серік Әбікенұлына дәріс берген ардагер ұстаздар, оның курстастары және бүгінгі ұжым атынан сөйлеушілер кітап кейіпкерінің өнеге тұтарлық кісілік қасиеттері, білімге құмарлығы туралы естеліктерін ортаға салды.

Сарысу

Өткен аптада мектептердің бір топ үздік оқушылары Астанада болып қайтты. Онда олар бас қаламыздың көрікті жерлері «Отан ана» монументіне, Тұңғыш Президент және Ұлттық мұражайында, Республика сарайында, Б.Момышұлының саябағы және басқа тарихи орындарында болып тамашалады. Жол шығынының барлығын аудан әкімдігі көтерді.

Талас

Қаратау қаласындағы «Игілік» көпсалалы мемле­кеттік кәсіпорнының (директоры Р.Сейдалиев) демеушілігімен қаладағы Ә.Молдағұлова мен Т.Рысқұлов көшелеріндегі 2-көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қабырғалары әрленіп, төбелері қайта шатырланды. Кәсіп­орынның бұл игілікті ісіне тұрғындар дән риза.

Шу

Жаңақоғам селолық округінде Жеңістің 70 жылдығына орай ауыл әкімі Найман Сұлтанбаев пен және ауыл тұрғындарының демеу­шілігімен облыстық таэквондо турнирі өтті. 23 және 55 келі салмақ дәрежесі арасында ұйым­дастырылған турнирге 180-ге жуық спортшы қатысты. Турнир аяқталғаннан кейін Ұлы Отан соғы­сында қаза қапқан жауынгерлер рухына құран бағышталып, 300-ге жуық жамағатқа ас берілді.

Ұқсас жаңалықтар