Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуына орай облыстық көрме залында қос бірдей көрме әзірленіп, қонақтардың назарына ұсынылды. Жеңіс мерекесі қарсаңында ашылуы өткен «Майданнан хат» және танымал суретші Қали Қораласбаевтың «Мәңгілік Ел» атты жеке шығармашылық көрмелері ә дегеннен-ақ көпшіліктің қызығушы-лықтарын оята түсті.
Шара барысында алдымен майдан даласында ерлік көрсетіп, ажал құшқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухтарына тағзым етілді. Содан кейін, көрмедегі жәдігерлерге шолу жасалды. Облыстағы музейлердің жеке қорларынан алынған ардагерлердің заттары мен олардың майданнан келген хаттары қойылған көрмеде Бауыржан Момышұлы, Күзембай Сүгірбеков, Әбдірәлі Тілеубердиев, Райымберді Сырғабаев және тағы басқа майдангерлердің қолданған заттары мен суреттері де орын алған. Сондай-ақ, Қали Қораласбаев-тың «Мәңгілік Ел» атты шығарма-шылық жеке көрмесі де осы күні салтанатты түрде ашылып, суретші шығармалары өз көрермендерімен қауышты. Шу ауданының тумасы, азаматтық тұлғасы анық та айқын өнер иесі Қали Қораласбаев – өңірімізге ғана емес елімізге танымал суретші. Оның шығармалары облыстық, республикалық байқауларда талай мәрте жүлделі орындар иеленіп, тамашалаушыларының таңданысын тудырып жүр. Суретшінің 100-ден аса еңбегі қойылған көрмеде, бейнелеу өнерінің көптеген түрлері қамтылған. Соның ішінде сыр-шырай (живопись), кескіндеме (графика), сумен жазу (акварель), мүсіндеу (скульптура) жанрларындағы шығармалардың орны ерекше. Сондай-ақ, карикатураны жетік меңгерген қылқалам иесінің осы жанрдағы жан-жақты ізденістегі біршама дүниелері де көрменің мән-мазмұнын аша түскен. – Елбасымыз айтқандай, біз Мәңгілік Ел болып қалуға ұмтылып, сол бағытта жұмыла жұмыс жасауымыз қажет. Қазақтың тарихы тереңнен тамыр алатыны мәлім. Сол тарихқа бойласақ, еліміздің небір зұлматтар мен қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткергенін білеміз. Кешегі фашизмге қарсы бағытталған Ұлы Отан соғысы да Қазақстанның тарих беттеріндегі ауыр кезеңдердің бірі. Сол соғыстағы Жеңіс баршамызды жігерлендіріп, өшкенімізді жандырып, көнергенімізді жаңғыртып бергендей еді. Менің де қиялымнан туындаған көптеген шығарма-ларым сондай тарихи кезеңдерге нақышталған. Еліміз иен жайлап жатқан ұлы даламыздың сан ғасырлық аңыздары желісінде жұмыс жасауды да жаным сүйеді. Сол себепті, сонау көк түріктерден бері ұран болып келе жатқан «Мәңгілік Ел» ұғымын мен де өз көрмеме арқау етіп отырмын, – дейді Қ.Қораласбаев. Таңғажайып өнердің тамаша туындыларының куәгерлері атанған тараздық тұрғындар бейнелеу өнерінің сан қырына малтып, қылқалам құдіретіне қайран қалысып жатты. Әсіресе, оларды суретшінің «Қарашаңы-раққа оралу», «Дала қорғаны – Елбасы», «Біз сендерді күтеміз», «Сырласу», «Бақытты балалық шақ», «Үміт», «37 жыл», «Көшпенділер», «Қоштасу» секілді шығармалары көбірек қызықтырды. Сондай-ақ, көрермендердің біразын Қали Қораласбаевтың «Сұлулық – әлемді құтқарады» атты композициялық мүсінінің құрылымы мен мағыналық сипаты да бейжай қалдырмағанын білдік.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді