Қазақстанда педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесі 60 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келеді. Осы жылдар арасында аталған жүйе білім беруді дамытуға және оның сапасын арттыруға айтарлықтай үлесін қосты. «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтына дейін білімімді жетілдіру курсына екі рет бардым, бірақ өкінішке қарай дәріс оқитын оқытушылар жан-жақтан келгендіктен мен өзіме қажетті білімді толық алмадым десем болады. Өткен жылы мен тағы да білімімді арттыру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ облыстық филиалына келдім. Көзімнің жеткені, бүгінгі таңда заман талабын қанағаттандырып отырған бұл орталық білім қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін білім ордасы екенін бүкіл мұғалім қауымы растайды деп білемін. Мұндағы профессор-оқытушылар құрамының жаңа педагогикалық инновация мен оны меңгеруде үнемі ізденіс үстінде екені көрініп тұр. Әрбір курс соңында курсқа келген тыңдаушылар құзыретті мұғалім нені білуге және үйренуге тиіс екендігі туралы күрделі дүниелерді меңгереді. Атап айтар болсақ, бізге қажетті инновациялық технологияларды оқу-тәрбиеде ұйымдастыру мен жүргізу тәсілдерін, дамыту жолдарын жан-жақты түсіндіріп бергенде, өз шығармашылық әлеуетінің көтерілгенін байқайсың. Институтта СМАРТ – оқыту, Intel, АКТ сияқты бағдарламаларды игерту жақсы жолға қойылған. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын көтеру бойынша PISA, TIMSS Халықаралық зерттеулер туралы және «Жемқорлықпен күрес» сынды заңдар бойынша да көптеген мағлұматтар алудамыз. Мұндай білім алу мүмкіндіктерін арнайы жабдықталған кабинеттерден аласың. Нақтырақ айтар болсам, кітапхана қоры бай, барлық кабинеттер компьютермен жабдықталып, интернет желісіне қосылған. Жалпы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы оқытушыларының берер білімдері заманауи талаптарға сәйкес нақты, анық түсіндіріледі. Елбасымыздың мұндай білім саласына деген шексіз қамқорлығы мен ұстаздар мәртебесін көтеруге бағытталған іс -шаралар, педагог қауымының алдағы дамуына айқын бағдар бола алады. Ал бұл – білім саласының болашақтағы көрсеткіші. Мұғалім қауымының үлкен алғысына ие болып отырған «Өрлеу» өрлей берсін демекпін!
Құралай Жанысова, мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары.
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді