«Один нормальный, один ненормальный сделайте»
Бақытжан (Советұлы) университетке әскерден кейiн, мен мектептi бiтiре салып түстiм. Әлi есiмде, оқу басталған алғашқы күндердiң бiрiнде Бақытжан үлкендiгiн көрсетiп, асханаға ертiп барды. Қас қылғанда асханада тек орыс әйелдерi жұмыс iстейдi екен. «Ой, армияда орысша сөйлеудi үйрендiк қой» деген Бәкең алдыға түсiп, тамақтарға өзi тапсырыс бере бастады. Бiрiншi, екiншi тамақтарды тарелкаға салып жатқан орыс әйелi бiр кезде Бақытжанға қарап «вам половина или польный?» деп сұрады. Бәкең аздап ойланып тұрды да «Один нормальный, один ненормальный сделайте» деп жауап бердi. Бiз ғана емес, асханадағылар да ду етiп күлiп жiбердi.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




