Таразда 5 айлық және 1 жас аралығындағы алты бірдей бүлдіршінге күрделі ота жасалды
Еліміздің жоғары білікті балалар хирургтері балалардағы туа біткен аноректальді ақаулардың дамуы және оларды түзетудің инновациялық технологияларын енгізу мақсатымен облыстық балалар ауруханасы базасында шеберлік сыныбын өткізді. Отандық балалар хирургиясы саласында аталған мəселе айрықша өзекті. Астаналық жетекші балалар хирургы Расул Аипов пен Алматы қаласындағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының профессоры Нұрлан Ақпаровтың айтуынша, бүгінде балалар арасында туа біткен ақаулар құрылымында мұндай патологиялар жиі кездесіп тұрады. Олардың көбінесе, өмірінің алғашқы айында-ақ шетінеп кетуі мүмкін. Оталық кірісу – туа біткен аноректальді ақаулардың дамуының алдын алу және оларды түзетудің бірден-бір әдісі. Сондықтан, мұндай жағдайда ота неғұрлым ерте жасалса, оның нәтижесі де солғұрлым сәтті болмақ. Мұндай жаңа ота түрін қолдануды Америкада оқып, меңгеріп келген еліміздің жетекші хирургтері шеберлік сыныбы аясында облыстық балалар ауруханасы базасында екі күн бойы 1,5 айдан 1 жасқа дейінгі аралықтағы 6 балаға күрделі ота жасады. Мамандар мұндай емшара баланың тез оңалып, болашақта толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретіндігін айтады. Шеберлік сыныбына жамбылдық оташы дәрігерлер де қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Шолпан ТАЙЖАНОВА, облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз орталығының қызметкері.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




