Жексенбі күні жолаушылап келе жатқан едім, көлігімді «Автоурагандағы» жол полицейлерінің тоқтатқаны. Менің қасыма келген, жүкті келіншектей қозы қарны қампиған жасамыс полицей: – Ағай, сізге сот шешімі бойынша айыппұл салынған, соны төлегеніңізше көлігіңізді айыптұрағына тоғытуға тура кеп тұр, – дегені. Мен шыр-пыр болып: – Айналайын-ау, маған не үйге, не жұмыс орныма ешқандай қағаз келген жоқ қой. Мына екі мыңды алып жібере ғой көкешім, жаяу қалмайын, ертең төлеп құтыламын, – десем, о да бір антұрған екен, 5000 теңге деп тұрып алды. Мен базарда тұрғандай 3000 теңге деп ем, ол көнбеді. – Онда саған да емес, маған да емес 4000 мың болсын, барым осы, басқа жоқ, – дедім. Әлгі неме қолындағы рациясымен едәуір қашықта тұрған «Автоурагандағы» бастығымен сөйлесіп: – Мынау бесінші мөлтекауданында тұрмаймын, төртінші мөлтек ауданында тұрамын, бесінші мөлтекауданында тұруға жағдайым келмейді дейді, не істейін? – деп сұрап жатыр. Сонымен келісім болды, мен 4000 теңге «айыппұлымды» төлеп жөніме кеттім. Кейін осы оқиғаны құзырлы органда істейтін қарындасыма айтсам: – Ағай рациядан айтылатын сөздің бәрі тыңдалады. Ол цифрлар, олардың шифрлары ғой, – дегені. Әй, қулар-ай таппайтындарың жоқ-ау.
Болат Бәйменов, ТарМУ ӘШБ бас инженері.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді