Бағалы «В+»
– Тыныштық! Емтихан жүріп жатыр,
– деп, бізді куратор қырып жатыр...
Ал, барлық студенттердің қайғысы бір,
Ішінен тынып жатыр.
Содан не керек
Жуан жіңішкеріп,
Жіңішке үзіліп.
Төндіріп аспанды,
Емтихан басталды.
Кешегі кереметтің
Бәрі де ластанды.
Ақырын
тетікті жаншып,
Жібіді көкей,
«Ентер», «Окей»
Тааак...
Бірінші сұрақ –
Оралхан Бөкей!
Ой, Бөкейді кім білмейді?
Таппасаң балың кемиді.
Бөкей қай жылы туылды?
– Ойбай, не дейді?!
Жылы несі?
Жоқ, білмеймін!
Келесі сұрақ
оңайлау бірақ.
«Бақытсыз Жамал»
Жамалды кім жазды?
О, міне...
Сұрақ деп осыны айт.
Ондай да сабазың
Бір минут тосылмайд.
Қоймаңдар жылдарды
Ізімен шұбатып.
Қысқасы, жауабы –
Міржақып Дулатов...
Тағысын тағы бар,
ұнатқан, жылатқан,
Сұрақтың бәрі бар.
Қалдырмай артық тағат,
Өтті-ау жарты сағат.
Өзімнің жобамша,
берген жауабым
бір бұрыс, бір дұрыс.
Жасадым бір ұлы іс!
...Басымда шамалы ми
Сынақтан алып шыққан
Менікі бағалы «В»!
Жай ғана «В» емес,
Жөн айту бұл дұрыс,
Қорытынды бағасы «В+»! Самат Тоқбанов, Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




