Дала көркі
Неткен ғажап,
Неткен сұлу, дала көркі көктемде.
Мың құбылып,
Қуанғаннан күн күледі көктен де.
Ақ сырмағын
Жиып тастап жер-ана көк кілемін,
Төсегенде
Құлпырады қызғалдақтар бөктерде.
Сай-саладан
Сылдыр қағып, мөлдір бұлақ күледі,
Ақ қайыңда
Жасарып бір, мәуесі көк тіреді.
Жүз түрленіп,
Гүлдеп бақта өрік, алма ағашы,
Тамсандырған
Сұлудай боп, бар табиғат түледі.
Неткен ғажап,
Неткен сұлу, дала көркі көктемде,
Қас-қағым сәт
Бұлттанып көк, нөсерлеп нұр төккенде.
Жасарып жер
Қылтиып дән, желбіретіп желегін,
Жан күйіңнің
Қылын басып, қаңқылдап қаз өткенде.
Баяу ескен,
Жібек самал сезім отын өршітті,
Торғын аспан
Тұр шатырдай төңкеріліп көрікті.
Кең даланы
Шаттық билеп, әкелгендей жыр-сырды,
Көкке өрлей
Кетті қиял, бойдан алып ерікті... Бақыт ИСАЕВА, ҚР Мәдениет қайраткері. Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




