Ту көтерген ер үшін
Жырлайды жүрек не үшін?
Алты алаш қазақ жері үшін.
Еркіндік жолын таңдап бір,
Ту көтерген ер үшін.
Жырлайды жүрек не үшін?
Ақиқат шындық ар үшін.
Заманына сай тұрған
Намысты ерім бар үшін.
Жырлайды жүрек не үшін?
Ұлан-ғайыр жер үшін.
Атырау менен Сарыарқа
Әулиеата, Жетісу,
Алатау асқар бел үшін.
Жырлайды жүрек не үшін?
Егеменді ел үшін.
Тәуелсіз болған елімді
Тәуелсіз болған жерімді
Бір Құдайым қолдай гөр
Ел билеген ерімді.
Ұрпақ үшін бабалар,
Қанмен сүрттің теріңді.
Сендер берген шат өмір
Алдан міне көрінді.
Жырлайды жүрек не үшін?
Ақ ару ана сен үшін.
Жарық дүние сыйлаған,
Әлемнің нұрын жинаған,
Ақ сүтіңнен нәр алып
Өнермен болдым сыйлы адам.
Шын талантты бір Аллам,
Әр адамға қимаған.
Жырлайды жүрек не үшін?
Жүректің ақ демі үшін.
Қиянат қылмай досыма,
Ақ көңілім тосыла.
Қуаныш пен қайғыңа
Көз жасым тамған қосыла.
Жырлайды жүрек не үшін?
Махаббаттың лебі үшін.
Ақ адал болған жарым, ә,
Куә болдым арына.
Жолықтырған ризамын,
Бақытымның барына.
Бақытсыз ғып аяғы,
Тағдырыма дарыма.
Жырлайды жүрек не үшін?
Бақытымның бағы үшін.
Көңілімнің сағы үшін.
Жанарындай жақсының
Қарасы мен ағы үшін.
Жырламаймын біреуді
Астындағы тағы үшін.
Адамгершілік ұрпаққа,
Үлгім қалар нағыз шын. Меркі – менің мекенім Меркіні мың жыл тарих мекендеген,
Сондықтан сан ғасырға іргең бекем.
Керуен көшін бастап жібек жолдың
Ақ төрін хан сарайдай кілемдеген.
Сыпатай, Андас, Жауғаш, Ақкөз бабам
Еңіреп елі үшін елеңдеген.
Тұлғалы Тұрар, Мақсұт, Асанбайлар.
Тірлікте еш құрметке бөленбеген.
Ардақтап әруағын мен жырлайын,
Өсиет болсын ұрпаққа өлеңменен.
Ағылсын көмейдегі бұлақты әнім,
Өзіңнен өзге өлкені ұнатпадым.
Аралап Жетісудың бар аймағын
Меркінің баурайына тұрақтадым.
Сыпатай сыйынарым болғаннан соң,
Туыңды тұғырдағы құлатпадым.
Түсімде қолың жайып құлыныңды
Жетелеп жетімдіктен жылатпадың.
Сарғайып сағындырған жырым мына,
Сананың жетелейді ұғымына.
Өшпейтін өнеріммен мен де өзімше
Ту тігем туған жердің тұғырына.
Сарғобы сандық-жайлау белдеріңді айт,
Қызырлы дархан дала елдеріңді айт.
Деніңе саулық берген шипажайдай
Қарақыстақ айдын көлді жерлеріңді айт.
Ата-жұрт сағындырып Аспараны,
Көріп пе ең Меркідейін «жас қаланы»?!
Сыпатай, Сәмен, Жауғаш, Андастардың
Ат үркіп әруағынан жасқанады.
Алатау, Қарақыстақ ұлы тұғырды,
Тек қана хан тәңірлер басқарады. Бейбіт Шошабаев, ҚР Мәдениет қайраткері. Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді