Батыр баба – Бауыржан
Әні мен сөзі Садық Құнанбаев Батырлыққа жаралғандай болмысы,
Айбатты елдің, қайратты елдің арысы.
«Қазағым» деп қақ жарылған құшағы,
Бауыржандар – ұлтымыздың намысы.
Қайырмасы:
Бауыржан – Бауыржан
Сенің атың – халықтың жүрегінде,
Сенің атың – халықтың тілегінде.
Сенің даңқың – тарихтың тірегінде
Сенің атың өшпейді бұл өмірде.
Отан үшін отқа түстің, жанбадың,
Жауға қарсы қаршығадай самғадың.
Өрлігіңмен, ерлігіңмен майданда,
Жеңіс күннің жақындаттың таңдарын.
Қайырмасы:
Мызғып жатқан туған жердің төсінде,
Ер Бауыржан қашанда елдің есінде.
Көк байрағын желбіретіп барады,
Егеменді Қазақстан көшінде.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




