Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыстық орталықтандырылған Шоқан Уәлиханов атындағы кітапханада өткен салтанатты жиында облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев барша әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, елеулі еңбегі ескерілген бір топ азаматқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін тақты. Салтанатты жиын барысында Жамбыл облысының Құрмет Грамотасымен облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев марапатталса, тағы үш мәдениет қызметкері «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Құрмет грамотасын иеленді. Сондай-ақ, осы күні он азаматқа Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеровтің және екі азаматқа қалалық мәслихаттың Алғыс хаттары табыс етіліп, сый-сияпат жасалды. Салтанатты жиын соңы «Баласағұн» орталық концерт залында облыстық филармонияның мерекелік бағдарламасына ұласты. Онда да бірқатар өнер азаматтары марапаттарға ие болды.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




