Деген екен...
Ақын мен жастық
Елуінші жылдары қазақ ақыны Қуандық Шаңғытбаев қырғыз ақыны Темір Үмбетәлиевпен әзілдесіп: – Темеке, қыз-келіншектер тақырыбында қалам тартып жүрсіз бе? – деп сұрапты. Сонда Темір: Өтіп кетті жасшылық, Өтіп кетті састырып. Қыздар өпкен бетімді, Қыл сақалға бастырып, – деп жауап беріпті. Драматургтің еркі Сырбай мен Қапан Сатыбалдин Жазушылар одағында бір кезде консультант болып істепті. Қапан қасында отырған Сырбайға: – Бір пьеса жазып едім. Сондағы екі кейіпкерді өлтірсем деп ойлаймын, – депті. – Бәрін қырып тастасаңыз да өз қолыңызда тұрған жоқ па, Қалеке? Оны менен несіне сұрайсыз? – деген екен.«Күлмегенде қайтеміз»
Бір күні сатирик Садықбек Адамбеков Жазушылар одағының секция мәжілісінде өзінің жаңа комедиясын оқыпты. Комедия тым ұзақ екен. Мәжіліске қатысып отырған ақын Сырбай жалығып, жиі-жиі күле берсе керек. – Ей, сен неге күлесің? – депті Садықбек Сырбайдың күлгенін жақтырмай. Сонда Сырбай күлкісін тыймай: – Комедия болған соң күлмегенде қайтеміз! – депті.Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді