мектеп ауласына мыңдаған түп ағаш отырғызды
Т.Рысқұлов ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде жас экологтардың бастамасымен «Экология және біз» атты тақырыпта экофорум өтті. Оған аудандағы әр салада еңбек етіп жүрген табиғат жанашырлары мен қамқоршылары қатысты. Экофорум аясында келген қонақтар «Дәстүрлі ағаш егу» мерекесіне атсалысты. «Бір тал кессең, он тал ек» демекші, бұл ретте мектеп ауласына Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 550 түп қара тал, Ассамблеяның 20 жылдығына 20 түп арша, ҚР Конституциясының 20 жылдығына 20 түп жеміс ағашы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына 70 түп райхан гүлін отырғызды. Өз кезегінде мектеп директоры Ш.Дайрабаева ағаш көшеттерімен қамтамасыз еткен Луговой ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Өзбековке алғыс айтты. Форумды ұйымдастырушылар жас ұрпақты табиғатты қорғауға, қамқорлық жасауға баулу мақсатында өткізілген игі бастама өз жалғасын тапса деген ниет білдірді.
Нұрболат Әлдибеков, «Ақ жол». Т.Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімнің мүддесін қорғауда үлкен рөл атқарып келеді
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




