Болашақта мектеп түлектері ҰБТ-ны бірнеше мәрте тапсыруы мүмкін - ҚР БҒМ
- author «Ақ жол»
- 15 мамыр, 2015
- 322

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болашақта мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуді бірнеше мәрте тапсыруы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов мәлім етті.
«Болашақта біз оқушыларға ҰБТ-ны бір емес, бірнеше рет тапсыруға мүмкіндік беруді жоспарлап отырмыз», - деді С.Нүсіпов БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, тесті бірнеше мәрте тапсыру әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесінде бар. Сондықтан да еліміздің Білім және ғылым министрлігі ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, болашақта осы тәжірибені Қазақстанда да енгізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар комитет төрағасы оқушылардың ҰБТ тапсыру пуктіне кірген кезде тексеруден өтуіне қатысты өз пікірімен де бөлісті. «Оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырған кезде тексерістен өтеді. Ол рас. Өйткені, заңға сәйкес тест өткізу ережесі бойынша ешкім ешқандай техникалық құрал-жабдықты ұлттық бірыңғай тест тапсыруда пайдаланбауы тиіс. Сондықтан, ата-аналарға, мұғалімдерге, оқушыларымызға айтарымыз, ешқандай байланыс құралын пайдалануға болмайды. Жылдан жылға біздің ҰБТ тапсыратын пункттерімізде техникалық құралдар көбейіп жатыр. Сондықтан, біз оқушыларды тінту мақсатын көздемейміз», - деді ол.
ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық оқушылар ақылды үй жобасын әзірледі
- 3 шілде, 2025
Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді
- 3 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді