Оған қоса мақсарыдан май алынған соң қолдағы кәдеге жаратылады. Мәселен, мақсары қалдықтарынан Иранда халуа дайындалса, түріктер түрлі сабын алады, ал кез-келген нәрсені кәдеге жаратып жіберетін қытайлар бұл дақылдан нешеме дәрі-дәрмек өндіріп келеді. Өзімізде мақсарыдан әзірге ешқандай қосымша өнім өндіріліп жатпаса да, шаруалар мал азығы ретінде пайдалануда. Оны әзірге еліміздің оңтүстік облыстары көптеп егіп келеді. Себебі, Ауғанстан, Иран, Түркияда молынан егілетін бұл дақылдың бір қасиеті – топырақ талғамайтындығы. Сондықтан, құрғақшылыққа төзімді мақсары негізінен ыстық әрі кейбір аймақтары шөлейтті келетін оңтүстік өңірлерге жақсы жерсінген. Байлықтың анасы – жер десек, ал атасы еңбек екені рас. Қолда бар техникаларын ұқсата алған әулиеаталық шаруалар биыл мақсары егудің жоспарын 105 пайызға орындапты. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің 13 мамыр күнгі ақпараты бойынша, облыс шаруалары 90614 гектарға майлы дақыл тұқымын сіңірді. Жоспар – 88 700 гектар. Шаруалардың тұқыммен қамтылуы 102 пайызды құрап отыр. Жуалы, Т.Рысқұлов, Шу, Меркі және Қордай аудандары оны жоспардан біршама артық орналастырған. – Бүгінде бұл дақылды егу жұмыстары толығымен бітуге таяу. Ең бастысы, жоспар орындалды. Жалпы, жуық арада бұл жұмыстар да аяқталады, – дейді облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Зиятхан Өмірәлиев. Топырақ талғамайтын мақсары дақылы тамаққа және маргарин үшін қолданылады. Ал күнжарасы – өз алдына таптырмас құнарлы мал азығы. Одан қалса, оны жұрт ауыл шаруашылығы мақсатында тыңайтқыш және отын ретінде де қолданып жүр. Осылайша мақсары майлы дақылдар ішінен пайдасының көл-көсірлігімен ерекшеленеді.
Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
«Даму» қорынан қолдау тапқан жобалар жетерлік
- 4 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді