әлемдегі ең қымбат туынды болды
Испан елінің танымал суретшісі Пабло Пикассоның «Алжир әйелдері («O» нұсқасы)» (Les femmes d'Alger (Version «O») картинасы Нью-Йорктегі Christie’s бәсеке саудасында рекорд саналатын сома – 179,365 миллион долларға сатылды. Осылайша, бұл саудаға түскен ең қымбат туынды болып отыр. «Алжир әйелдері («O» нұсқасы)» картинасы 1955 жылы салынған. Туынды Пикассоның жеке қорындағы ең сәттісі болып саналады. Жартылай абстрактілі, өте ашық картина шебердің кубизм стилімен айналысып жүрген кезінде дүниеге келіпті. Ол көп жылдар бойы Виктор және Салли Канцтардың коллекциясында сақталып келген. Картинаның эстимейті – 140 миллион доллар. Сатып алған азамат бәсеке саудада 160 миллион доллар құйып, оған қоса комиссия пұлын төлегеннен кейін аукциондағы құны рекорд деп саналған. Пикассоның туындысына бұл саудада бірнеше сатып алушы таласып, саудаласу сәті 10 минуттай уақытқа созылыпты.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




