Ауасын жұтқан едік бір аспанның
Біз күтпейміз ешқандай жолдан айырық,
Көгімізде тұрса екен торламай бұлт.
Бірлік пенен ынтымақ тұнған жерге,
Басқа бақыт қонғыш қой, қолға байлық.
Өшікпей өте біліп өткелменен,
Арылсын ашу, ыза, кек кеудеден.
Мейірім меймілденген жүздер ғана,
Көктемгі мизамдай боп көкке өрлеген.
Адамзат адамзатты қадірлесе,
Зарын да тарттырмас ед Тәңір кеше.
Қарғыс алмай қайтеді, қанын төгіп,
Зәрін төгіп бір-бірін зәбірлесе.
Бақыт емес маңдайға сор таласқан,
Құт, береке қырғыннан қорқа қашқан.
Бізді ортақ Жеріміз нәр татқызып,
Нұрын да төгіп тұрған ортақ Аспан!
Асуын бірге асып бір асқардың,
Ауасын жұтқан едік бір аспанның.
Мәңгілікке жалғассын, мәңгілікке,
Бейбітшілік бәйшешегі бүр ашқан күн! Мария Евтюшкина, ТарМУ-дың емтихандарды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




