Ауылдың айтқыштары
«Неприятный» звонок Бірде мен, ТарМУ-дың әкімшілік шаруашылық бөлімінің басшысы Афлатунов, Жас-өркен лагерінің меңгерушісі Өмірбек үшеуміз, аула ығында күндегідей жұмыс барысында әңгімелесіп тұрғанбыз.
Афлатунов мырза қарамағында істейтін Өмірбекке:
– Сен кеше жұмыста болмадың ба? Телефон шалып ала алмадым ғой, – деп, өзінің ренішін білдіргені сол еді, (Өмірбек – сәл аңғалдау жігіт) Өмірбек телефонын шұқып тұрып:
– Е, бәсе кеше бір «неприятный» звонок болыпты ғой, қазір көріп тұрмын, – деп кідірмей жауап беріпті... «Павлик» Компьютерлік жүйеде «public», қызметкерлер арасында «павлик» деп аталып кеткен. Ол – бүкіл ақпараттар легі тоғытылған жүйе.
Жоғары оқу орнының басшысы, үлкен бір жиында қарамағындағы қызметкердің бірінің жұмысына реніш білдіріп, бұлқан-талқан болып, ұрсып жатса керек. Анау тұрып:
– Басеке, бір-екі күннен бері «павлик» істемей, ақпараттарды толық жинай алмадым, – деп ақталған сыңай байқатады. Мәселенің байыбына бара қоймаған басекең:
– Әй, жұмыс жасамайтын ондай бездельникті неге ұстап жүрсің, шығар жұмыстан, – деген екен. Шақырбай Бір жоғары оқу орнының басшысы мазасыздау болыпты. Қарамағындағыларды қайта-қайта шақырта берсе керек. Әбден мезі болған қызметкер қабылдау бөлімінде отырған шақыртушы келіншектің екіқабат екенін біліп:
– Сен ертең аман-есен босанып, ұл тапсаң атын Шақырбай, қыз тапсаң Шақыргүл қой деп, қалжыңдаса керек.
Күндердің күнінде әлгі келіншек босанып, қол-аяғын бауырына алған соң, кішкентайын ертіп циркке барса, сол жерде баяғы қызметкер де жүр екен. Амандық-саулықтан кейін әлгі келіншек:
– Ағай, мынау өзіңіз атын қойған Шақырбай ғой, қазір үш жасқа келді, – деп қалжыңдапты. «Еруліге қарулы» деген осы да.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді