«Сана» мен «материя»
Мен ол кезде аспирантура бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаратынмын. Аспиранттардан жыл сайын көктем айларында философия пәнінен кандидаттық минимум қабылдайтынбыз. Кезекті үзіліс кезінде философ ағайымыздың айтқан оқиғасы әлі есімнен кетпейді. Студент «задолжник» философиядан сынақ тапсыра алмай бір келеді, тапсыра алмайды, екі келеді, тапсыра алмайды. Жазғы еңбек демалысы да жақындап қалған, әбден шаршаған ағайымыз: – Мақұл, сен маған сана, материя деген не екенін айтып берші, – дейді. Студент: – Ағай материя алдыңызда отыр, бірақ сана болмай тұр ғой, – депті. Ағай күліп сынақ қойып беріпті.
Әспет Халиева, ТарМУ, ҰМЖБ бастығы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




