Туған жер
Мен де бір ұлыңмын ғой сенің туған,
Жаралған тек өзіңнен менің тұлғам.
Талайғы еңбегіңнің жемісі ем ғой,
Бір түйір дән секілді толып тұрған.
Мен сенің ұлыңмын ғой, сенен өскем,
Қалайша қалдырмақсың мені көштен?!
Қолымды созудан еш жалықпаймын,
Жете алмай арманыма жанбай өшсем.
Тек қана сенде жүріп, сенде күлем,
Бақыттың сенде екенін сезіп жүрем.
Самалың жүрекке ыстық, ауаң нәрлі,
Жасылың жайлаудағы – түкті кілем.
Арнаймын жүрегімнің сырлы жырын,
Осынша сүймеуші едім сені бұрын.
Өзің деп өзеуреген ұлыңа бұл
Аздаған мейіріміңнің төкші нұрын! Балтабай ТЕЛЕУОВ, зейнеткер. Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




