Елім деп өткен ер еді
Құрметті редакция! Мен 1941 жылы Жуалы ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келгенмін (Қазіргі Ертай ауылы). Әкемнің інісі Ілесбек Нұрпейісов сол бір алағай-бұлағай заманда, 18 жасында майдан даласына аттанып, Ұлы Жеңіске санаулы күн қалғанда шейіт болды. Нақтырақ айтсам, 1941 жылдың 21 сәуірінде Венгрияның Шопрон қаласында дүниеден озған. Сонда жерленген. Осы бір хабарды екі жыл бұрын «Егемен Қазақстанның» сайтынан тауып, ас бердік. Біздің арманымыз – ол кісінің рухын әке-шешесі мен аға-жеңгесі жатқан топыраққа оралту. Көңілім шерменде болып отырып, бауырым Ілесбектің рухына арнап жыр да жазып едім. Соның бір бөлігін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдім. Көкжиекті шер мұң торлап алған күз,
Сол күндердің куәсі біз болғанбыз.
Ілесбек ағам аттанып қан майданға,
Ал біз болсақ, қайғы жұтып қалғанбыз.
Әлденеге үміт артып, сенеміз,
Тітіркеніп кетсе-дағы денеміз.
Сол жылдары Ілекең ғайып болса да,
Сағынумен, аңсаумен біз келеміз.
Бас июші ек өздеріңдей іріге,
Тілеуді әркез тілеп мұнда күніге.
Бірге кеткен Айтбай, Жақсылық,
Қойлыш, Сейітбек, Жансейіт,
Туған елге оралмады бірі де.
Сездік сол бір қаһарлы жыл сыз күнін,
Ұғатынбыз бұл жалғанның біз мұңын.
Сөндірместен отауыңның отын еш,
Бақтияр, Мархаббат ұстап отыр тізгінін.
Орындап арманменен мұраттарын,
Төрт қыз да тапты өзіндік тұрақтарын.
Нұрпейістің төрт қызы Іліктір, Дина,
Мария, Оңлан барлығы да –
Дөп шешті тағдыр қойған сұрақтарын.
Атандық бізде шіркін, келіні елдің,
Тыйылды арқа созып керілер күн.
Аға сізді сенбеймін өлді деуге,
Бірі едің батыр ұл, серілердің.
«Ей, өмір!» деп соншалық құның бар ма?
Өлді деу сыймай біздің ұғымдарға,
Нұрпейіс ата, Әлфия мен Зейнеп жеңгем,
Сағынды өзіңді әркез шынында да.
Жәмила келін ошақтың отын жақты да,
Зейнеп жеңгеңді қадірлеп әркез бақты да.
Атаң мен Сәнім, Керімбек, Келімбет,
Зейнептер -
Өзіңді іздеп жұмақ төрінен тапты ма?
Бақтиярға артқан барлық үміт расталып,
Бір ұлы отыр тәрбие ісін басқарып.
Үлкен ұлы Астанада қызметте
Сот ісінде қызметін жүр атқарып.
Інілерің барлық іске бас болып,
Кіргізіп жүр игі іске хас көрік.
Құрмет жасап, Құран оқып рухыңа,
Амал қылды өзіңе арнап ас беріп.
Ұғып жүрміз тіршіліктің бар мәнін,
Өзің едің аяулы аға, ардағым.
Туған жерге әкеліп аға өзіңді,
Өз еліңмен қауыштыру арманым! Оңлан Керімбекова, Батыр ана.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді