Жапондық пойыз жылдамдық рекордын жаңартты
Магниттік жастықшалармен жүретін жапондық пойыз сағатына 603 шақырым жылдамдықпен жүріп өтіп, әлемдік рекордты жаңартты деп жазады жергілікті БАҚ өкілдері.
Рекордқа мамандар жолаушыларсыз, Яманаси префек-турасындағы Фудзи тауының етегінде орналасқан сынақ алаңында қол жеткізді. Жапон билігі жақын күндері аталған пойызды іске қосатынын мәлімдеп отыр. Ол Токио мен Нагоя қалаларының арасын жалғамақ. 208 шақырым болатын қашықтықты аталған пойыз небәрі 40 минутта жүріп өтеді. Айта кетейік, бұған дейінгі пойыз жылдамдығының рекорды осы Жапонияда биыл 16 сәуір күні орнаған болатын. Ол кезде осы тектес пойыз сағатына 590 шақырымды бағындырған.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




