Йемендегі қақтығыстың өршуінен мұнай бағасы өсуде
Йемендегі қақтығыстың ушығуынан мұнайдың әлемдік бағасы өсуде. Бұған сауда-саттық мәліметтері дәлел бола алады. Бұл туралы отандық BNews порталы RT-ға сілтеме жасай отырып хабарлады. Мәскеу уақытымен сағат 7:13-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны 1,21пайызға өсіп, барреліне 64,22 долларға жетті. WTI мұнайының мамырдағы фьючерстерінің бағасы 1,49 пайызға, барреліне 56,57 долларға дейін көтерілді. Таяуда Йеменнің оңтүстігінде хуситтер мен қазіргі президент Абд Раббо Мансур Хадидің жақтастары арасындағы текетіресте 100-ге тарта адам ажал құшты. Әсіресе Эд-Далиа қаласы аумағында жағдай ушығып кеткен.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




