Апта аралығында жарияланған еңбекке жарамды тұрғындар статистикасы бойынша қаңтар айында жұмыссыздық деңгейі 1пайызға өсіп, 11,4 пунктті құраған. Өткен жылдың желтоқсан және ағымдағы жылдың қаңтар, ақпан айларындағы мәліметтер бойынша 15 және одан жоғары жастағы жұмыссыздар саны 454 мыңға ұлғайып, 3 миллион 259 мың адамды құрапты. Әрі осы мерзім аралығында ауыл шаруашылығы емес секторда жұмыссыздық деңгейі 1,3 пайызға өсіп, 13,4 пайызды құраған. Бұл ретте 15-тен 24 жасқа дейінгі аралықтағы жастар арасында жұмыссыздық 2,3 пайызға төмендеп, 20 пайыз болса, 15-тен 64 жасқа дейінгілер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,1 пайызға ұлғайып, 11,6 пайызды құраған. Осы аптаның сейсенбісінде жарияланған Халықаралық Валюта Қорының «Әлемдік экономиканың перспективалары» туралы есебінде 2015 жылы Түркиядағы жұмыссыздық деңгейі 0,5 пайызға өсіп, 11,4 пайызға, ал 2016 жылы 11,6 пайызға жететіндігі айтылған. Ал өткен жылы бұл көрсеткіштің деңгейі 9,9 пайызды құраған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




