Жамбыл мен Түркістан облыстарын жалғайтын күре жол жабық
- author «Ақ жол»
- 10 наурыз, 2026
- 519
Атап айтқанда, Жамбыл облысында «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» республикалық автожолының 534-593 шақырым аралығы, яғни Айша бибі ауылы мен Түркістан облысының шекарасы арасындағы бөлігінде қозғалыс тоқтатылды.
Сондай-ақ, Түркістан облысында аталған автожолдың 593-654 шақырым аралығы, яғни Жамбыл облысының шекарасы мен Машат ауылы аралығында барлық көлік түрлеріне қозғалысқа шектеу қойылды.
Жауапты қызметтердің мәліметінше, жол қозғалысын 2026 жылғы 10 наурыз күні сағат 10:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып алуға болады.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




