Сарапшылар Швейцарияның зейнетақы жүйесі таяудағы он жыл ішінде ел үкіметі зейнетақы жүйесін радикалды реформалау жөнінде қоғамдық қолдауға ие болмаса, күйреуге ұшырайды деп ескертіп отыр. Үлесінде 800 миллиард франк (840 миллиард доллар) көлеміндегі активтері бар Швейцарияның кәсіби зейнетақы жүйесіне қысым жуырдағы ақшалай қаржы есебіне салықтар енгізілуіне және мемлекеттік облигациялар табыстылығының қысқаруына байланысты биыл тым күшейе түскен. Санкт-Галлен университетінің экономика профессоры Мартин Элингтің бағалауынша, зейнетақы жүйесін қайта құрмаса, кәсіби зейнетақы жүйесі 2030 жылы өздеріндегі қаржыландыруға 55 миллиард фунт стерлинг көлеміндегі қаржы жетпеушілігі мәселесімен бетпе-бет келмек. Кәсіби зейнетақы қоры зейнеткерлерге заң бойынша жыл сайынғы негізде жинақталған қаржының жалпы көлемінің эквиваленті 6,8 пайызға тең аннуитетін төлеуге міндетті. «Егер біз осылай жалғастыра берсек, онда он жыл ішінде зейнетақы жүйесі банкроттыққа ұшырап, жарна жинақтаушы компания күші оны құтқаруға жұмылдырылатын болады» деп атап өтті Элинг. Ал талдау орталығының экономисі Джером Косанди Швейцарияның Ұлттық банкінің қаңтар айындағы депозиттер бойынша ставканы 0,75 пайызға төмендету жөніндегі шешімі облигацияның табыстылығы мен валюталық көрсеткіштің өзгермелілігіне қатысты жағдайды күрделілендіре түсетінін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді