Ертеңің ертек... демеспін құрап, Батқан күндердей елессің жырақ. Баян боларыңды білем ғой жаным, Баянды бақыт емессің бірақ.
Аласың еске өткенді шошып, Ренішке ретсіз өкпеңді тосып. Сары уайым болып жыладың білем, Сағынышқа сәл көктемді қосып,
Жылжысын қалай, жыл-айым немен? Соңғы рет келіп, құлайын деп ем. Қосылмайтынымыз үшін құшақтап қатты, Қосылып сенімен жылайын дегем.
Көгермей көгім, солып та семдім. Үзілді үміт... соны ұқпа сенім! Қоштасуға дайын болмасам егер, Қайтадан саған жолықпас едім.
Есімің таныс, ең ескі шақпен, Мазашыл, мұңлы, елесті сәтпен. Арайлы жүзің ғашық еткенмен, Арайым менің емессің әттең!
Ертеңің ертек... демеспін құрап, Батқан күндердей елессің жырақ. Баян боларыңды білем ғой, жаным, Баянды бақыт емессің бірақ.
Көзімнің көктем һәм күзі едің, Үміттерімнің жалғызы едің. Ернімде менің еріп кеткен соң, Есімің сенің «Қар қызы» дедім.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





