«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Өткен шақ

Өткен шақ
ашық дереккөз
Өткен шақ
6Данияр Әлімқұл       Көздеріңнен мейірім төгіледі деуші едім, Сөздеріңнен пейілің көрінеді деуші едім, Хаттарыңнан сағыныш жылап тұрар деуші едім, Жалғыздығым салтанат жырақ құрар деуші едім, Ерніңде періште сөйлеп тұрар деуші едім, Аппақ киім үстіңде, көйлек тұрар деуші едім, Ақ отау боп расында, той болады деуші едім, Ақ тілекті адамдар – той қонағы, беу, сенің, Ағыл-тегіл адамдар – ашық-жарқын достар бар, Ебіл-дебіл армандар – емін-еркін жоспарлар, Айқұш-ұйқыш көңілдер – айқын-айқын ниеттер, Жасын-жасын, найзадай жаңғырады сүйекті ер, Қиын-қиын шешімде дүйім-дүйім долбармен, Кілең-кілең мықтылар – күрең-күрең жолдармен, Еңкіш-еңкіш күдіктер, еңку-еңку ойлармен, Еміне кеп, ерім деп, болмысыма бойлар ме ең?.. Мұның бәрі тек жоспар, ойлағанмын баспенен, Жүрекпенен жасағам, қашағанмын таспенен. Мұның бәрін мен саған армандарым деуші едім, Қателескен Мен емес, алданғаның еу, Сенім! Жастығыма жанардан төгіледі леген-мұң, Хаттарыңнан сағыныш өріледі деген кім? Сені көрмей көзіме – түнек қонар деген кім? Сені сүйсем ернім – жүрек болар деген кім? Сені іздесем, шарқ ұрып, сағынышым бел асқан, Сені аңсасам, қайғырып кетеді деп жер-аспан. Сені сезсем – Жаңарған әлемдер боп жай табам. Сені көрсем әлемдер жаңарады қайтадан, Деп ұзаққа сөйлеген өзің едің, ботам-ай! Енді соны ертек қып, айтып тұрмын, о, тоба-ай! Сонша сүйген екенмін, қазір одан із де жоқ, Өз-өзіме таңғалып, тұрмын енді күзде көп. Менің атым – Өткен шақ, қалмақ істе, не етпейін?.. Сенің атың – Өкініш, бармақ тісте, тек деймін!.. Шырақты бұл сезімнің шоғын жақшы деуші едім. Қазір енді барыңнан, жоғың жақсы, беу, сенің!

Ұқсас жаңалықтар