балаларға арналған үздік шығармаларға беріледі
Осы жылдың 20 сәуірінен бастап балаларға арналған үздік шығармалар арасында X халықаралық «Дарабоз» бәйгесі бастау алғаны туралы Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілді. Биылғы байқаудың басты ерекшелігі – қаламгерлер шығармаларын бұрынғыдай лақап атпен емес, өз аты-жөндерімен және екі тілде (қазақ, орыс), үш түрлі жанр (поэзия, проза, ертегілер) бойынша ұсына алады. Ақын-жазушыларды балалар тақырыбына тартуға «Бауыржан» қайырымдылық қоры мен Қазақстан Жазушылар одағы тікелей ұйытқы болып, «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясы қаржылай демеу көрсетпек. Балаларға арналған шығармашылық байқаудың бас жүлдегері – 1 миллион теңге иеленсе, бірінші орын алған 2 үздік қаламгерге – 700 мың теңгеден, екінші орын алған 2 адамға – 300 мың теңге, үшінші орын алған 3 адамға – 200 мың теңгеден бұйырады. Жалпы, байқаудың жүлде қоры 6 миллионды құрайды. Жүлдегерлерден қалған қаражат жеңімпаз шығармаларды жинақ етіп шығаруға жұмсалып, бұл кітаптар мектептердің кітапханаларына тегін таратылмақ.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдықтардың еңбектері еленді
- 24 мамыр, 2025
«Жалғызқара»: тарих, тағдыр, тауқымет
- 24 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді