Өңірімізде табиғи газды сұйылту зауытының құрылысын салу және ынтымақтастық келісімді талқылау мәселесі бойынша облыс әкімдігінде аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен кеңес өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген еліміздің жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында «Көлік құралдарын отынның экологиялық таза түрлеріне көшіру және тиісті инфрақұрылым құру» газды мотор отыны ретінде пайдалану бойынша ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясында іске асыру көзделген. Кеңесте аталған жоспар аясында облыстағы қоғамдық көлік құралдарын отынның осындай таза түріне көшіру, сапасын арттыру бойынша маңызды мәселелер қаралды. Жиынға «КазТрансГазАймақ», «АстанаТрансОйл» компания-ларының жауапты тұлғалары қатысты.
«АстанаТрансОйл» жауап-кершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Талғат Нарымбеков өздерінің бастамасымен жасалған облысымызда табиғи газды сұйылту зауытының құрылысы жобасымен таныстырды. Зауытта жылына кемінде жүз миллион текше метр газ сұйылтылмақ. Жоба құны 100 миллион АҚШ долларын құрайды. «Елбасымыз айтқандай, Қазақстан – таза, жасыл мемлекетке айналуы тиіс. Зауыт құрылысының концепциясы да түгелдей осыған негізделген», – деді Т.Нарымбеков. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Ғалым Айдосов бұл жобаны толықтай қолдай-тындықтарын, экологиялық аспектілерден бөлек облысымызда бұған үлкен перспективалық мүмкіндіктер бар екендігін атап өтті. Өз кезегінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ зауытты қажетті табиғи газбен қамтамасыз етпек. Облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев Тараз қаласының басшылығына құрылысқа қажетті 20 гектар жер бөлуді тапсырды әрі тасымалдауға қолайлы болуы үшін темір жол аумағына жақын маңнан болу керектігін ескертті. Кеңес соңында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді