Елбасымыз Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мүлікті жария ету акциясы іске асуда. Жария ету туралы заң – экономиканы сауықтыру міндеттерін шешудегі мемлекет қабылдайтын бүтіндей бір шаралар кешені екені мәлім.
Бұл бағытта тек қана заңды қатаңдату және санкциялар арқылы қаржы тартуға талпыныс жасау сыңаржақ қадам болатындықтан, мемлекет ынталандырушы тәсілдер қолданады. Рақымшылық жасау мен жария ету осындай шаралардың бірі болып табылады. Егер рақымшылық жасау ұғымы белгілі бір заң бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатуды білдірсе, жария ету қылмыссыздандыру мақсатында заңдық күшіне енгізуді және ресми тануды білдіреді. Еліміз тәуелсіздігін алғалы Қазақстан Республикасы ішкі капиталды экономикаға тартуда бай тәжірибеге ие болды. Жария етудің негізгі міндеті – әркезде де экономикаға көлеңкелі капиталды тарту және мүлікті заңдастыру болып келді және солай болып қала береді. Негізінде мүлікті жария ету мемлекет алға қойған бірнеше мақсаттарды көздейді. Біріншіден, ел аумағында орналасқан мүлікке ие болу құқығын заңдастыру болып табылады. Бұл міндет қолайлы әлеуметтік ахуалға жағдай жасап, тіркелген мүлік банктерде және басқа жағдайларда кепілге қоюға мүмкіндік беретіндіктен халыққа айтарлықтай көмек көрсетеді. Екіншіден, заңды айналымнан шығарылған ақшалай қаржыны экономикаға тарту болып табылады. Ал үшіншіден, жаппай декларациялауға дайындау және шетелдерде мүлкі бар салық төлеушілерді есепке алу. Бүгінде жүріп жатқан жария етудің басты мақсаты – ол экономиканы әртараптандыруға инвестор болу және қатысу мүмкіндігін бере отырып, халықтың жасырын активтерін экономикалық айналымға тарту. Жария етудің үшінші толқынын жүргізу барысында бұрынғы дәл осындай акциялардың тәжірибелері, сол сияқты, өзге елдерде жария етуді жүргізудің озық мысалдары ескерілетін болады. Қазіргі кезде күшінде тұрған заңнамалар арқылы мемлекет инвестициялаудың төмендегідей құралдарын ұсынып отыр. Мәселен, жария ету субъектілерінің ұлттық холдингтердің, банктердің, даму институттарының облигацияларын, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерін, «Халықтық ІРО» акцияларын сатып алуларына болады. Бүгінгі күнге облыс аумағында 8 475,1 миллион теңгенің сыртында 2 122 тұлғаның мүлкі жарияланды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жария ету субъектілерін құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудалауға қатаң бақылау орнату мәселесі де қарастырылуда. Шетелдерде орналасқан мүлікті жария ету – аталған іс-шаралардың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Алайда біздің облысымызда жария етілуге тиісті мүлік үшін әлі де өтініш түспеген. Көптеген қазақстандықтардың алыс шетелдерде, сол сияқты, жақын шетелдерде де жылжымайтын мүліктерінің бар екені еш құпия емес. Дегенмен, жаппай декларациялауды енгізу қарсаңында біз үшін шетелдердегі біздің азаматтарымыздың мүліктеріне қатаң есеп жүргізу аса қажет екені атап өтілуде. 2017 жылдан бастап жаппай декларациялауда ондай мүліктерді міндетті түрде декларациялау шарасы қарастырылатын болады. Ол жағдайда жария етілген мүліктер бойынша оның қайдан шыққандығы туралы барлық мәселелер іс жүзінде күн тәртібінен алынып тасталады. Мұндай мүлікке ие адамдарға құқық қорғау органдарының да, мемлекеттік кіріс органдарының да субъектілерге қатысты ешқандай сауалдары туындамайды. Осыған байланысты баршаңызға аталмыш акцияның мүмкіндіктерін пайдаланып қалуға және Отанымыздың игілігі үшін осы шараға белсенді түрде атсалысуға шақырамыз.
Әділбек Әлішев, облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысын жүргізу басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді