«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

озық технология – табыс кепілі

озық технология – табыс кепілі
ашық дереккөз
озық технология – табыс кепілі

ауданда көктемгі егіс-дала жұмыстары ырғақты жүргізілуде. Биыл 89600 гектар алқапқа егін өсіріледі. Сонымен қатар, 18000 гектар жерге пар айдалады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен аудан әкімінің екі жақты меморандумына сәйкес жүзеге асуда. Ол бойынша күздік бидайды – 14000, жаздық арпаны – 12000, дәндік жүгеріні – 1000, майлы дақылдарды – 20000, мал азығын – 27000, картопты – 700, көкөністі – 7000, қант қызылшасын 1900 гектарға егу жоспарланған. Қазір ауданда қажетті тұқым бар. Тек дәндік жүгеріге қажетті 15 тонна тұқым Алматы облысынан әкелінетін болады. Жүгерінің облысымызда аудандастырылған «Тұлпар-539» тұқымының әр келісін 500 теңгеден алу келісіліпті. Сонымен қатар, қант қызылшасына қажетті 6 тонна тұқым алуға Алматы облысы Панфилов ауданындағы «Қамқорлық» ЖШС-на тапсырыс берілген.

Тыңайтқышсыз тірлік тынбайтыны белгілі. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру мақсатында арзандатылған минералды тыңайтқыштар алуға, оның ішінде 3152,1 тонна аммиак селитрасына, 329 тонна аммофос, 27,5 тонна калий сульфатына, 60 тонна азотты фосфорлы калийге 163 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сұраныс берген. Бүгінде Шу қаласындағы қоймаға 2200 тонна аммиак селитрасы жеткізіліп, 43 шаруашылық 582,5 тоннаға келісім-шартқа отырып, өздеріне тиесілі тыңайтқыштарын алып жатыр. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май көлемі есептеліп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырыс берілген. Бүгінде қолда бары – 120 тонна. Көктемгі үш айға қажетті жанар-жағармай көлемі 2300 тоннаны құрайды. Биыл 6 шаруа жаңа тракторлар мен түктеу техникаларына қол жеткізген. Олар Жаңажол, Төле би, Қонаев, Белбасар ауылдарына тиесілі. Жыл жаңарған сайын қандай тірлікте болсын озық технологияның маңызы орасан. Уақыт тиімділігін дәлелдеген тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістері шулық шаруалар үшін таңсық емес. Биыл 740 гектар жерге тамшылатып, 225 гектарға жаңбырлатып суару жүйесін енгізу күтілуде. Бұл істің тізгінін «Агро Қордай», «Белбасар-Шу», «Шу агро продукт» ЖШС-лары, «Бектібай», «Бектібай-1», «Өмір», «Агровест», «Бірлікүстем» шаруа қожалықтары, «Салима» жеке кәсіпкерлігі қолға алып отыр.

Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол».

Шу ауданы.

Ұқсас жаңалықтар