Банк ВТБ (Қазақстан) халықтың мерзімді салымдар ашуға қызығушылығы арта түскенін анықтады
- author «Ақ жол»
- 23 сәуір, 2015
- 265
Банк ВТБ (Қазақстан) мерзімді салымдары халықтың сұранысына ие болды – оған депозиттік портфельдің тұрақты түрде өсуі және Банкке келушілердің серпіні дәлел бола алады. 2015 жылдың басынан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) Контакт-орталығы 58 мыңнан аса клиенттің қоңырауларын өңдеді, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда қоңыраулар саны 6% ұлғайған. Контакт-орталық бір айда орта есеппен Қазақстанның барлық жерінен түсетін 20 мыңға жуық қоңырауларды өңдейді. Банк салымдар талаптарын орналастыру мерзімі мен табыстылығы бөлігінде жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс істеуде. Ақпанның басында клиенттерге арнайы «жылдық +1%» акция ұсынылды, оның аясында «Сберегательный» және «Накопительный» салымдары бойынша қосымша сыйақы есептеледі. Банк ВТБ (Қазақстан) мерзімді салымдар қатары клиенттердің ақша қаражатын сақтау мерзімінің кең таңдауымен және депозитті толықтыру және ішінара ақша алу мүмкіндігі сынды опциялармен ерекшеленеді. Төмендетілмейтін қалдықтың ыңғайлы сомалары жинақтарды оралымды басқаруға мүмкіндік береді. Қысқа және ұзақ мерзімге орналастырылған салымдар үшін жоғары сыйақы мөлшерлемесі белгіленген. Бүгінгі таңда Банк өзінің клиент-теріне мынадай салым түрлерін ұсынады: «Сберегательный», «Накопительный», «Щедрый» және «Стабильный», ең жоғарғы тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесі теңгемен 10,5%, АҚШ доллары, евро және ресей рублімен 3%. Барлық салымдар «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ сенімді сақтандырылған. Ресейдегі орасан зор, беделі мен кепілдіктері Ресейдегі қомақты депозиттік портфелімен расталатын ВТБ-ның еншілес Банкі бола отырып, Банк ВТБ (Қазақстан) өз клиенттеріне одан әрі де жоғары халықаралық деңгейдегі тиімді өнімдерін ұсынуды ниет етеді.
Анықтамалық:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі. ҚР Ұлттық Банкінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 лицензиясы. Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BB+»/ деңгейдегі «Жағымсыз» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары Ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын түзеді. ВТБ тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа және Азия және Африка елдерінде 30-дан астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ-ның негізгі акционері – Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9%).
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді