Осылай да адам сағынады екен
Осылай да адам сағынады екен, Сағынады екен, Тәңірім! Жылауға себеп табылады екен Жүрекке жүрмей әмірің.
Мүмкін екен ғой құлай сүюің Құлай сүюің абайсыз. Жүректің Сізді бұлай сүюін Байқамай жүрсіз, қалай Сіз?
Көңілде неге тұрып алдыңыз, Тұрып алдыңыз мызғымай? Хатыма, бәлкім, күліп алдыңыз Күлмейтін шығар Күз бұлай.
Тағдырым осы – шатпақтап шығар Сөйлесе іште бір өкпе. Атың аталса, атқақтап шығар Не болған мына жүрекке?
Жынданып адам кетеді екен ғой, Жұтып алғандай жасынды. Қас қағым бір сәт жетеді екен ғой, Жоғалту үшін басыңды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





