Ақпараттар ағыны

Ақпараттар ағыны
ашық дереккөз
Ақпараттар ағыны
Тараз Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай облыстық ішкі істер департаменті игі істі қолға алды. Атап айтқанда, тәртіп сақшылары «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы облыстық және қалалық балалар ауруханасының маңына 300 түп жеміс ағашын отырғызды. Енді осы ауруханаға қарасты каналдың бойынан 300 түп, ал Ы.Сүлейменов атындағы көшенің бойына 800 түп ағаш егу қолға алынбақ. Жас көшеттердің күтімін «Казфосфат» мекемесі атқаратын болады. Байзақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекесі аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінің мұрындық болуымен аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Бір ел, бір тағдыр» атты жылжымалы көрме өтті. Көрмеге И.Денисов, Р.Сапарәлиева, М.Паншаев, Б.Шеримов, М.Рахымжанов, Г.Тян, Т.Көшербаев, Е.Измағанбетов, В.Лежнин сынды тараздық суретшілердің таңдаулы туындылары қойылды. Онда туған өлкенің көркем табиғаты мен еңбек адамдары бейнеленген. Қордай Үлкен Сұлутөр ауылдық округінен «ST-Agro» ШҚ (басшысы Ерсайын Ермеков) 400 гектар алқапты суландыру бойынша жұмсалған шығынның 80 пайызын субсидия ретінде қайтарып алмақшы. Енді осы жерде жемшөп қорымен өзін-өзі қамтамасыз ететін 200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салуды бастамақ. Сарысу Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жұмыссыз тұрғындар үшін жәрмеңке өткізілді. Онда аудандағы 41 кәсіпорыннан 73 бос жұмыс, 70 уақытша жұмыс орнын және 3 тұрақты жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңке барысында 3 жұмыссыз азамат тұрақты жұмыс орнымен қамтылып, 45 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына тартылып, жастар тәжірибесі бойынша 25 азамат уақытша жұмыс орнымен қамтылды. Талас Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында ұлттық ат спортынан облыс орталығында өткен облыстық біріншілікте таластықтар екінші орынға ие болды. Аударыспақтан 80 келі салмақта Ертай Стақан бірінші орынды, 50 келі салмақта Әсет Панат екінші орынды иеленді.

Ұқсас жаңалықтар