Зияткерлік мектепті үлгі тұт
Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен, біз мұғалімдер өзгеруіміз қажет. Ол үшін заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруіміз керек, осы әдіс-тәсілдердің ең негізгі ерекшелігі – оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай оларды орынды жерде қолдана білу. Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарламаның маңызы зор. Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтеміз.
Білім беруде оқушы өзі ізденіп, тақырыпты түсініп, тақырып аясын кеңейтіп, жолдастарымен өз білгенін көпшілікке жеткізе алса, онда ұстаз еңбегінің нәтижесі болғаны, бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісіне қарағанда білім алушы белсенділік көрсетуге тиіс.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейін дамыту бағытына байланысты. Біз, ұстаздар қауымы, қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз анық. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашанда алға қоярымыз мәлім.
«Мектеп – білім ордасы, ұстаз – мектеп тұлғасы» деп, дана халқымыз бекер айтпаса керек. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған жас жеткіншектің білім нәрімен сусындауы, бүгінгі заман талабына сай білімді меңгеруі ұстаздар қауымына деген үлкен сенімді білдіреді.
Алдымызда отырған әрбір баланың жүрегіне жол тауып, өмірде өз орнын таба білетін, келешегі кемеңгер, ұстанымы нық, алған білімін өмірде дұрыс қолдана алатын, еліміздің келешегіне өз үлесін қосатын шәкірт етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымының басты мақсаты деп түсінемін. Бүгінгі күні ұстаздар үшін бала өміріне үлкен жауапкершілікпен қарау, өмірде болып жатқан өзгерістерден хабардар етіп отыру қажеттілігі туындауда. Бала жанына үңіле қарап, оның дамуына, болашағының кемелді болуына атсалысу – ұстаздардың басты міндеті.
Гүлжаһан Тұрғанқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындығы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді