«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Өнеге көзі – өсиет сөз

Өнеге көзі – өсиет сөз
ашық дереккөз
Өнеге көзі – өсиет сөз
облыстық термешілер байқауы мәресіне жетті Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі – терме» атты облыстық термешілер байқауы өтті. Оған облысымыздың әр түкпірінен аталы сөзді ақыл көзі деп білетін отызға жуық үміткер қатысты. Қатысушылардың таланттары мен шеберліктеріне шын бағасын берген Қазақстанның Құрметті журналисі Мақұлбек Рысдәулет бастаған қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтауда бірауыздан ортақ шешімге келе білді. Нәтижесінде, жас ақын Нұржан Әліштің өлеңіне жазылған Мәлік Мықтыбековтің орындауындағы «Бабамның тілін, анамның үнін жеткізем келер ұрпаққа!» атты терме бас жүлдеге лайық деп табылып, үш жүз мыңдық ақшалай сыйлықты жеңіп алды. Ал жүлделі бірінші орын биігінен (200 мың теңге) ақын Нарша Қашағановтың өлеңін арқау еткен Бақыт Шағырбаевтың «Ұлытауда туған ой» атты термесі көріне білді. Екінші орынмен (100 мың теңге) Оразай Ниетқабыловтың «Насихат» термесі марапатталса, Жеңіс Манекеевтің орындауындағы Жапар Сатылғановтың «Атадан аманат – ұрпаққа ұлағат» термесі үшінші орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ, «Тіл – тұнық ойдың кәусары» атты аталымдағы арнайы сыйлыққа Гүлназ Әлімқұлованың орындауындағы Жанатбек Тұрғынбаевтың «Анамның тілі» термесі ие болды. Өңірімізде алғаш рет өткен бұл термешілер байқауының бір ерекшелігі – жүлде сыйлығы терме мәтінінің авторы мен орындаушысына теңдей бөлініп берілді. Айта кету керек, марқұм Нарша Қашағанұлының жүлдесі ақынның ұлы Тайлақ Наршаұлына табысталды.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар