Жұмыссыздықтың пайыздық көрсеткіші Больцанода Германияға қарағанда, төмендеу. Венето мен Эмиля-Романьяда да көрсеткіштер жаман емес, сөйте тұрса да, Италияның Оңтүстігі ретінде мәселесі ушыққан Греция, Испаниямен салыстыруға болады. Алда-жалда Больцано жеке мемлекет болған болса, онда бұл жерде жұмыссыздық көрсеткіші Еуропадағы мейлінше азы (2014 жылы бар-жоғы 4,4 пайызды құраған, алдыңғы қатардағы Германиямен салыстырғанда 5 пайызға төмен) болар еді. Сондай-ақ, Италияның солтүстік-шығысының қалған бөлігі де - Голландияның жанындағы Венето, Швециядан алыс емес Фриули, Бельгия мен Финляндияға қарағанда, жағдайлары жақсылар қатарындағы Ломбардия мен Эмиля-Романья да континенттегі біріншілердің тізіміне енер еді. Тоскана Францияны, ал Пьемонт пен Лигурия – Ирландияны, Словакия мен Хорватияны басып озар еді. Шын мәнінде, Италия тап осы оңтүстік өңірдегілер көрсеткіштеріне бола Еуропадан едәуір қалыс қалуда. Апулия, Кампания, Калабрия және Сицилия тек қана Испания (24,5) мен Грециядан (26,5) мойны озықтау болып, жұмыссыздықтың 20 пайыздық көрсеткішін көрсетіп отыр. Бұл жағдай жылдан-жылға күрделілене түсуде. ISTAT пен Евростат мәліметтеріне қарағанда, былтыр жұмыссыздық деңгейі Оңтүстікте – Кампания мен Сицилияда – 0,3, Калабрияда – 1,2, Апулияда 1,7 пайызға тағы да көтерілгені байқалған.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




