«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тоғыз адамға қатысты тәртіптік іс тоқтатылды

Тоғыз адамға қатысты тәртіптік іс тоқтатылды
ашық дереккөз
Тоғыз адамға қатысты тәртіптік іс тоқтатылды

Еліміздің Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңестің төрағасы Ғ.Тұрсынбаевтың төрағалығымен өткен кеңес отырысында барлығы 13 мәселе қаралды. Кеңес мүшелері күн тәртібіне шығарылған тоғыз мәселе бойынша тәртіптік істі тоқтату, екі тәртіптік істің материалдарын шешім қабылдау үшін өзге құзырлы органдарға жіберу, бір іске қатысты атқаратын қызметінен босату, тағы бір іске байланысты қызметінен төмендету туралы ұсыныс жасау жөнінде шешім қабылдады.

Бұдан өзге Тәртіптік кеңестің отырысында үш мемлекеттік қызметшіге бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін берілген тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы ұсыныс хаттар, Тараз қаласы әкімі аппараты басшысының қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты еліміздің қолданыстағы заңнамасының орындалуы және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің сақталуы жөніндегі есепті кезең аралығында атқарған жұмысы туралы есебі, Тараз қаласы әкімі аппараты жанындағы тәртіптік комиссиясы жұмысының барысы жайындағы хабарламасы тыңдалып, құзырлы органдарға тиісті ұсыныстар жасалды.

Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар