Тараз мемлекеттік университетінде атаулы күнге орай салтанатты жиын өтіп, отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып, сәйкес мерзім аралығында жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізген оқу орнының үздік оқытушы-ғалымдары мен студент-ізденушілеріне лайықты құрмет көрсетілді.
Еліміздің болашағын ғылымсыз елестету тіпті де мүмкін емес. Сондықтан бұл салаға айрықша көңіл бөлінуде. Соңғы екі жылда отандық ғылымды қаржыландыру 2,5 есеге өсті. Биыл бұл мақсатқа бөлінетін қаражат көлемін 36 миллиардқа дейін жеткізу жоспарлануда. Бұрын бұл мақсатқа ішкі жалпы өнімнің 0,3 пайызы бөлініп келсе, енді көрсеткіш 3 пайызға дейін артпақ. Университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы М.Сарыбеков алқалы басқосуда университетішілік жетістіктерге де кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, былтыр 34 миллион теңге бөлініп, білімордадағы ғылыми-зерттеу жұмыстары 121 тақырып бойынша 9 факультетте, 45 кафедрада, 3 ғылыми-зерттеу институтында, 5 ғылыми орталықта және «А. Ахметов атындағы наноинженерлік зерттеу әдістері» бейіндік зертханасында жүргізілген. Университеттің ғылыми әлеуеті де аймақтағы басқа жоғары оқу орындарынан біршама жоғары. Қазіргі таңда мұнда 42 ғылым докторы, 257 ғылым кандидаты, 296 магистр жұмыс істейді. Ғылым қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, жаңа жетістіктер тілеген Махметғали Нұрғалиұлы PhD докторы атанған екі бірдей әріптесіне тиісінше сый-құрмет көрсетіп, жаңа жүйеге сай тағайындалған мұндай атаққа ие болғандар саны университетте осымен жиырма бірге жеткенін атап өтті. Бірқатар жас ізденушілерге «Студент-ізденуші» куәлігі табыс етілді. Осы күні, сондай-ақ, саладағы жемісті еңбектері үшін рейтингтік жоғары көрсеткіштерге жеткен факультеттер, кафедралар, республикалық «Үздік ғылыми жоба», сондай-ақ, «Академик М. Үркімбаевтың қоғамдық бастамалары» қоры жариялаған «2015 жылдың жас, жалынды болашағы» байқауларының жеңімпаздары да марапатталды.
Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді