«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Лауреаттар Астанаға аттанады

Лауреаттар Астанаға аттанады
ашық дереккөз
Лауреаттар Астанаға аттанады

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» республикалық фестивалі биылдан бастап дәстүрлі түрде барлық облыстарда өткізілуде. Фестивальдың мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттері мен мүмкіншіліктерін дамыту арқылы әлеуметтік ортаға бейімдеу.

Қалалық Мәдениет үйінде Х республикалық «Жұлдызай» шығармашылық фестивалінің І кезеңі басталды. Сахнада мүмкіндігі шектеулі, өнері шектеусіз балалар шаттанып ән айтқанда, залда мүлгіген тыныштық орнады. Арбаға таңылған бүлдіршіндер, шыр көбелек айналып билегенде, көрермен болып келген ата-аналар көз жастарына ерік берді. Есту мүмкіндігі төмен балалар ән ырғағынан қалыспай мың бұралып билегенде, талайлар таңғалды. Бұл әрине хореографтың еңбегі екенін айту керек. – Фестивальға 10-18 жас аралығындағы балалар қатысады. Байқау осы жандардың арасында вокалдық орындау, хореография, бейнелеу өнері, сурдоаударма әнін орындау, аспапта ойнау, сәндік-қолданбалы шығармашылық номинация бойынша өткізіледі. Фестиваль екі кезеңнен тұрады. Іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табыс етіледі. Осы кезеңнен өткен жеңімпаздар елордамыз Астана қаласындағы мәре сайысына қатысып, ТМД елдерінде өтетін байқауларға жолдама алады және де лауреат атанады, – дейді «Болашақ» мектеп-интернатының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Нұралым Құнықбаева.

Қанат Тілепберген, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар