Ана құрсағындағы шарана қолдарын шапаттады (видео)
АСТАНА. 9 сәуір. Соңғы бірер күннен бері YouTube желісіне қойылған осы бейнежазба жұрт назарын қатты аударып, нағыз танымал сюжетке айналып барады. Онда ана құрсағында жатқан шарананың алақандарын бір-біріне соғып, шапаттағаны анық аңғарылады. Қазірге дейін бұл жазба 6,3 млн. рет көріліп үлгеріпті. Ал видеоны әлеуметтік желіге болашақ ата-аналар салған. Олардың нәрестелері УЗИ аппаратына түсірілген кезде осындай көрініске куә болған. Роликте пайда болғанына 14 апта өткен ұрықтың қолдарын екі жаққа жайып жіберіп, бір-біріне соғатындары бірнеше рет байқалған. Шамасы, әлденеге қуанып жатқан сияқты. Талғат Райымбек.
Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/04/09/56546
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




