Астана қаласының «Баян Сұлу» шоу-балет өнер мекемесінің ұйымдастыруымен өткен II республикалық «Баян сұлу» өнер конкурсы өз мәресіне жетті. Тарихы терең Тараз қаласының төрінде үш күнге созылған өнер бәйгесіне еліміздің әр аймағынан талантты өнерпаздар келіп, бақтарын сынады. Бізді қуантқаны – аталмыш өнер байқауына қатысқан жерлестеріміздің барлығы дерлік жүлдегерлер қатарынан көрінгені болды. Лауреат атанған облыстық филармонияның өнерпаздары жамбылдық өнерсүйер жанкүйерлер сенімін ақтай білді. Айталық, хореография номинациясы бойынша Аида Төребекқызы жетекшілік еткен «Сымбат» балдық-спорттық би ансамблі I орынды иеленсе, ансамбльдің «Балауса» бүлдіршіндер би тобы II орынға ие болды. Жаңа үлгіде қойылған «Гәкку», «Биле биле» заманауи би композициясымен ерекше көзге түскен филармонияның «Ақ кербез» бишілер ансамблі бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал вокал номинациясынан Балнұр Аққубай I орынды, Айғаным Оңлабай II орынды иеленді. Өңіріміздің мәдени әлеуетін биіктен көрсетіп, намысын абыройлы қорғаған талантты жастардың жаңа белестерден көріне беруін тілейміз.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




